«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «БҚО ПҚБАИ» бойынша 2021 жыл сәуір айының үздік қызметкері |
Сәуір айы бойынша қызметі мен жетістіктері Бибигуль Демеуовна – ізгілікті ізденісті тынымсыз еңбекпен ұштастырып, жаңа заман талабына сай білім беруді мақсат етіп келе жатқан білікті маман. Ол Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілді мектептердегі «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша білім беру бағдарламасының тренері. Педагог-зерттеуші. Институттың Тақырыптық жоспарына сай «Эффективные методы и приемы при работе с текстом на уроках русского языка и литературы» тақырыбында әдістемелік құрал жасақтап шығарды. «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚ БАИ Эксперттік кеңесінің 17.03.2021 ж. №2 хаттамасы. «Еліміздің үздік педагогтерінің эстафетасына» қатысқан орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің сабағын дайындауда әдістемелік көмек ұйымдастырып, бейнесабақтар жасақтатты. 13.04.2021 ж. ғалым-методолог, профессор, педагогика ғылымдарының докторы Әлия Меңдешқызы Мұханбетжанованың 70 жылдығына арналған «XXI ғасырдың білім беру парадигмасы: жаңа үрдістер, тәсілдер мен технологиялар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияға қатысты. Мақаласы жинаққа енді. Бибигуль Демеуовна біліктілік арттыру курстары барысында тыңдаушыларға жаңа технологиялардың қыр-сырын үйретіп, кәсіби шеберлікті арттыруға елеулі үлес қосып келеді. 29.03-02.04.2021 ж. аралығында «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында инклюзивті оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған ақылы курс өткізді. Тыңдаушылар саны – 29 педагог. Педагогтердің әдістемелік жұмыстарына пікір, сын-пікір жазып, кеңес берді: 1. «Композиционный анализ художественного текста как путь к читательской грамотности» әдістемелік құралына; 2. «Пути реализации способов дифференциации на уроках русского языка и литературы» әдістемелік ұсынымға; 3. «Культура электронного общения» тақырыбындағы ғылыми жоба жұмысына; 4. «Трехъязычие – необходимость для развития моего поколения» тақырыбындағы ғылыми-ізденіс жұмысына. 26.04.2021 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жедел іс-шара жоспарына сәйкес «Белсенді оқу арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-тәжірибелік он-лайн конференцияға қатысты. Мақаласы конференция жинағына енді. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ҚМЖ жұмыстарына кеңес, әдістемелік көмек беріліп, педагогтердің сабақтары институт сайтындағы «Сабақ жоспары» жобасына салынды. 19-30.04.2021 ж. аралығында тренерлерге арналған «Инклюзивті білім берудің және инклюзивті коммуникацияның негіздері» тақырыбында 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсынан өтті. 30.04.2021 ж. Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі жəне Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2021 жылғы 28 мамырда өтетін «Тұрақты даму мүддесіне сәйкес үздіксіз білім беру: жаңа міндеттер. 1-кезең» атты жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференцияға мақаласы өтіп, конференция жұмысына қатысуға шақырту алды. Сонымен қатар, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты 2021 жылдың 26 мамырында «Заманауи мектеп педагогы: ізденіс және келешегі» тақырыбында өткізетін республикалық on-line конференцияға мақаласы жіберілді. «PISA зерттеулері аясында оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту дағдылары» тақырыбында қала, облыс көлемінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған вебинарлар, онлайн-кеңестер өткізді. Қала педагогтері арасында пән мұғалімдеріне өткізілген «Үздік цифрлық сабақ» байқауының алқа мүшесі. Қашықтықтан оқыту мәселесі бойынша білім саласындағы жаңа бастамаларды қолдап, жаңа форматтағы заманауи бейне сабақтар дайындап, оларды республика көлемінде таратуға зор үлес қосқаны үшін «Өрлеу БАҰО» АҚ Басқарма төрағасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Мадақтамасымен» марапатталды. Бибигуль Демеуовна өз бойындағы сенімділік пен сабырлылық, табандылық пен еңбекқорлық қасиеттерімен ерекшеленетін, сондай-ақ өзгелерге қолдау көрсете білетін жылы жүректі жан. Ұстазға тән салмақтылық пен білімпаздықты жия білген білікті маман, әріптестері арасында зор беделге ие. Бибигуль Демеуовнаны «Айдың үздік қызметкері» аталымын иеленуімен құттықтап, шығармашылық жетістіктер тілейміз! |
Comments
Му научилась , Спасибо за ваш труд Quote
Жетістігіңіз мол болсын! Quote