Тренермен онлайн-кездесу |
14.04.2021 09:08 |
13 сәуір күні Оралдағы «Өрлеу» институтында «Өрлеу» «БАҰО» АҚ Басқармасының ұйымдастыруымен «Тренермен онлайн-кездесу» болып өтті. Онлайн-кездесуде Оралдағы «Өрлеу» институты Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Нургазинова Маншук Кенесовна мен Орал қаласы Д. Қонаев атындағы №44 МГ жоғары санатты математика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Батыргалиева Батима Хабешовна іс-тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу барысы 10-сынып оқушыларына алгебра пәнінен қарастырылатын 4 тоқсанның күрделі тақырыптарының бірі «Функцияның кесіндідегі ең үлкен және кіші мәндерін табу» тақырыбында өтті. Тақырып аясында функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндерін табуға есептердің шығарылу жолдарын көрсетті. Тікелей эфирде Батима Батыргалиева презентация арқылы белсенді оқыту «көрсету және модельдеу» тәсілдерін қолданып, тиімді құрылымдалған көрсетілімдерді ұсынды. Атап айтсақ, есептің моделін – функцияны құру, функция модельдің тиімділігінің түйінді көрсеткіші және айнымалыларды қанағаттандыратын шарттардың орындалуын тексеру бағытында тапсырмалар беріліп, құнды кеңестер айтылды. Онлайн-кездесуге қатысушы педагогтер 11-сыныпта оқушыларға осы кеңестен алған білімдерін қолданып, логарифмнің, көрсеткіштік функцияның туындысы, алғашқы функцияларын өткеннен кейін осы тақырыпқа көптеген қолданбалы есептер ҰБТ-да кездесетінін, құнды ақпарат алғандарын айтып, ризашылықтарын білдірді. |