«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «БҚО ПҚБАИ» бойынша 2021 жыл наурыз айының үздік қызметкері |
Өтеғұл Гүлмаржан Кәрімқызы, жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы. Жалпы педагогикалық еңбек өтілі – 23 жыл. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтындағы еңбек өтілі – 13 жыл.
Наурыз айы бойынша қызметі мен жетістіктері Гүлмаржан Кәрімқызы өзінің білім-білігін облыс педагогтерімен бөлісіп жүрген тәжірибелі аға оқытушы. Заман көшінен қалмай, талмай ізденіп, тренерлік қызметін үнемі жетілдіріп отырады. Оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін, смарт технологияларды жетік меңгерген ұшқыр ойлы әріптесіміздің жетістіктері де аз емес. Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Химия» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша білім беру бағдарламасының тренері. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының тренері. "Microsoft Innovative Education (MIE) Expert 2020-2021" инновациялық педагог-сарапшысы. Classtime платформасының қолданушысы ретінде емтихан тапсырып, сертификатталған оқытушысы болып табылады. 03.03.21ж.; 11.03.2021ж.; 17.03.2021ж. қосымша білім беру педагогтері, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беру ұйымдарының педагог-хореографтарына арналған «Цифрлық білім беру ресурстары мен виртуальды зертханаларды пайдалану («Өрлеу» БАҰО-ның YouTube-тағы каналы және т.б. видео-ресурстары). Google Jamboard, Padlet, Мicrosoft Sway, Noteflight интернет құралдарын қолдану технологиясы» тақырыбында практикалық сабақ жүргізді. Тыңдаушылар саны – 72 педагог. 11.03.2021ж. «Непроторенная дорога к инклюзии в образовании» тақырыбында Инклюзивті білім беру бойынша Беларуссияның Халықаралық зертханасы Modern Education & Research Institute-тің EdTech дәрісіне қатысқаны үшін №INTPPKINN11032021112 сертификатын алды. 15.03-19.03.2021ж.; 29.03-02.04.2021ж. аралықтарында «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында инклюзивті оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған 2 ақылы курс өткізді. Тыңдаушылар саны – 50 педагог. «Еліміздің үздік педагогтерінің эстафетасына» қатынасатын химия пәні мұғалімдерінің сабағын дайындауда әдістемелік көмек ұйымдастырып, бейнесабақтар жасақтатты. 26.03.2021ж. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» Facebook желісінде «Цифрлық білім беру платформасы арқылы оқушы білімін бақылау мен бағалау жолдары» тақырыбында тікелей эфирде «ТРЕНЕРМЕН ОНЛАЙН-КЕЗДЕСУ» айдарында өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Гүлмаржан Кәрімқызы - білікті маман, жаңашыл педагог, әріптестері арасында зор беделге ие. Ол заман талабынан тыс қалмай, институт өміріндегі барлық шараларға белсенділікпен атсалысады. Гүлмаржан Кәрімқызын «Айдың үздік қызметкері» марапатымен құттықтап, тың шығармашылық ойлар мен кәсіби жетістіктер тілейміз! |
Пікірлер