Облыстық вебинар өтті |
17.01.2021 11:29 |
16 қаңтар күні «Білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен «Сенбілік мектеп. PISA халықаралық зерттеуге дайындық» тақырыбында облыстық вебинар өтті. Вебинарға аудан және қала мектептерінің орыс тілі мен әдебиеті, жаратылыстану пәндері мұғалімдері қатысты. Вебинар мақсаты: функционалдық, оқу сауаттылықтарын арттыру және PISA халықаралық зерттеуге оқушыларды дайындауда пән мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету болды. Сонымен қатар онлайн шарада PISA халықаралық зерттеу тапсырмаларын құрастыру, орындау, талдау, оқыту үрдісіне сатылап енгізу барысындағы жұмыстар, PISA халықаралық зерттеуі бойынша педагогтер арасында тәжірибе алмасу ортасын құру мәселелері қарастырылды. Облыстық вебинарға Оралдағы «Өрлеу» институтының Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушысы, тәжірибелі тренер Бибігүл Габдрахманова қатысты. Бибігүл Демеуқызы «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбында баяндама жасап, іс-тәжірибесімен бөлісті. Мұғалімдерді ізденіске жетелеп, біліктіліктерін арттыруға үлкен үлес қосып жүрген әріптесімізге жаңа жетістіктер тілейміз! |
Пікірлер
У вас на странице нигде не нашла информацию о предстоящих мероприятиях. Дәйексөз жазу
У вас на странице нигде не нашла информацию о предстоящих мероприятиях. Дәйексөз жазу