28 қаңтар күні «Өрлеу» БҚО институтында «Мектепке дейінгі ұйымдарда денсаулық сақтау технологиясын қолдану маңыздылығы» тақырыбындағы облыстық онлайн форматында вебинар өтті.
Аға ұрпақ – ардагерлерден өнеге алу, олардың озық еңбек үлгілері мен өмірлік тәжірибелерінен, жеке тұлғалық адами қасиеттерінен сабақ алу – бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес қазына. Ардагер-ұстаздарымыз институттың 70 жылдық мерейтойына орай білім ордасында қызмет еткен кездері, институттың тыныс-тіршілігі туралы сыр ақтарады. Ендеше, аяулы ұстаздарымыздың сыр-- сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз!
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Жедел жоспарына сай, институтымыздың 70 жылдығына орай, бүгін «Функционалдық сауаттылыққа басымдылық беру» (халықаралық PISA зерттеуі аясында) тақырыбындағы облыстық вебинар өтті.
Ағымдағы жылдың 18 қазан күні Оралдағы «Өрлеу» институтында әлеуметтік педагогтер үшін «Балалардың өмір қауіпсіздігін және әлеуметтенуін ұйымдастыру бойынша әлеуметтік педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында курс өтуде.
15 қазан күні Оралдағы «Өрлеу» институтының 70 жылдық мерейтойына орай Zoom платформасы арқылы «Көшбасшылық трансформациясы – кәсіби ойлаудан цифрлық сауаттылыққа» тақырыбында облыстық вебинар өтті.
15 қазан күні сағат 16.00-де Zoom платформасы арқылы Оралдағы «Өрлеу» институтында «Көшбасшылық трансформациясы – кәсіби ойлаудан цифрлық сауаттылыққа» тақырыбында облыстық вебинар өтеді.
Бүгін Орал-«Өрлеуде» институттың 70 жылдығына орай «Балалардың әл-ауқаты үшін білім беру» тақырыбында облыстық онлайн ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Арнайы білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерді ескере отырып, білім алу үшін арнайы жағдайларды ұйымдастыру мен құруда, білім алушылардың білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз етуде мұғалімдер мен мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатындағы конференцияға барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері қатысты.
Тамыз айының 31-і мен 3-ші қыркүйек аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының» Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында мектепке дейінгі ұйымдардың музыка жетекшілеріне арналған онлайн режиміндегі курстан өттік.