«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «БҚО ПҚБАИ» бойынша 2022 жылдың қаңтар айының үздік қызметкері |
Қаңтар айы бойынша қызметі мен жетістіктері Гульфия Бекетовна – жаңа заман талабына сай білім беруді мақсат етіп келе жатқан білікті маман, тәжірибелі оқытушы, магистр дәрежесі бар жоғары білімді педагог. Біліктілікті арттыру саласында 2008 жылдан бері жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып пәндері бойынша біліктілікті арттыру курсы бойынша білім беру бағдарламасының тренері. «Бастауыш мектеп», «Мектепке дейінгі тәбиелеу мен оқыту», «Бала мен балабақша» республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журналының ақылдастар алқасының мүшесі. Гульфия Бекетовна біліктілік арттыру курстары барысында тыңдаушыларға жаңа технологиялардың қыр-сырын үйретіп, кәсіби шеберлікті арттыруға елеулі үлес қосып келеді. «Еліміздің үздік педагогтерінің эстафетасына» қатысқан бастауыш сынып, мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің сабағын дайындауда әдістемелік көмек ұйымдастырып, бейнесабақтар жасақтатты. Біліктілікті арттырудың бюджеттік курстарына қатысқан тыңдаушылар санаты – бұл мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері, тәрбиешілері, бастауыш сынып мұғалімдері. Педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру саласында облысымыздың білім беру ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап, педагогикалық тәжірибесі бойынша ғылыми-әдістемелік, практикалық еңбектері әртүрлі деңгейдегі басылымдарда жарық көруде. Соның ішінде бірнеше әдістемелік құралдар мен жинақтардың, нұсқаулықтардың авторы: «Мектепке дейінгі ұйыммен отбасы арасындағы байланысты арттырудың педагогикалық және психологиялық жолдары» (2015), Опыт развития Сингапурской системы дошкольного образования (2015), «Заманауи білім берудегі М.Монтессори педагогикалық жүйесінің өзектілігі» (2016), Использование здоровьесберегающих технологий в условиях обновления образования (2016), «Инновациялық технологияларды енгізу негізінде мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілігін арттыру» (2017), «Жаңартылған бағдарлама аясында мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш сынып сабақтастығын жүзеге асыруда педагогтердің құзыреттіліктерін арттыру» (2018), «Мектепке дейінгі ұйымдарда денсаулық сақтау технологиясын қолдану маңыздылығы» (2020), Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық бағыттағы тәрбиелеу және оқыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыру (2021). Бұған қоса, Гульфия Бекетовна мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша республикалық сараптамалық кеңесінің мүшесі. Мектепке дейінгі ұйымдардың және бастауыш сынып педагогтерінің сабақ жоспарына кеңес, әдістемелік көмек беріліп, педагогтердің сабақтары институт сайтындағы «Сабақ жоспары» жобасына салынды. Қашықтықтан оқыту мәселесі бойынша білім саласындағы жаңа бастамаларды қолдап, жаңа форматтағы заманауи бейне сабақтар дайындап, оларды республика көлемінде таратуға зор үлес қосқаны үшін «Өрлеу БАҰО» АҚ Басқарма төрағасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. «Мектепке дейінгі тәбиелеу мен оқыту», «Бала мен балабақша» республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журналының белсенді авторы «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Гульфия Бекетовна – өз бойындағы ашықтық пен еңбекқорлық, сабырлылық пен табандылық қасиеттерімен ерекшеленетін, сондай-ақ өзгелерге қолдау көрсете білетін жылы жүректі жан. Ұстазға тән әділділік пен білімпаздықты жия білген білікті маман, әріптестері арасында зор беделге ие. Гульфия Бекетовнаны «Айдың үздік қызметкері» аталымын иеленуімен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз! |
Comments