«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «БҚО ПҚБАИ» бойынша 2021 жыл желтоқсан айының үздік қызметкері |
Желтоқсан айы бойынша қызметі мен жетістіктері
Сайра Кировна өзінің білім-білігін облыс педагогтерімен бөлісіп жүрген тәжірибелі аға оқытушы. Заман көшінен қалмай, талмай ізденіп, тренерлік қызметін үнемі жетілдіріп отырады. Оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін, смарт технологияларды жетік меңгерген, өз кәсіби мамандығын сүйетін әріптесіміздің жетістіктері мен көрсеткіштерінде еңбегі зор. Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Музыка» пәні бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша білім беру бағдарламасының тренері. 2020 жылдан бері онлайн форматына көшкелі 2021 жылдың басынан бірнеше категориялы педагогтер арасында біліктілікті арттыру курсын үзбей өткізіп келеді. Атап айтсақ: -БҚО, Қарағанды және Ақмола облыстарының музыка пәні мұғалімдері; -Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пән оқытушылары; - Балалар музыка және өнер мектептерінің оқытушылары; - Мектептен тыс ұйымдардың қосымша білім беру педагогтері; - Орта білім беру ұйымдарының педагог-хореографтары; - Арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының арнайы педагогтері; - Орта білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтері; - Инклюзивтік білім берудегі жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері; - Орта білім беру ұйымдарының аға тәлімгерлері; - Интернаттық ұйымдардың тәрбиешілері; - Мектепке дейінгі ұйымдардың музыка жетекшілері. Сонымен қатар ағымдағы жұмыстармен бірге курсаралық шараларды да ұйымдастыруда. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының 2021 жылдың 26 қарашасында «Қосымша білім берудегі STEM және STEAM» тақырыбындағы облыстық вебинар ұйымдастырылып, 100 тыңдаушыдай қосымша білім беру педагогтері қатысты. Сайра Кировна біліктілік арттыру саласында көптеген жылдар аянбай еңбек етіп, бірнеше марапаттарға ие болды. ҚР Білім және Ғылым Министрлігі «Алғыс» 2019 ж., «Алғыс хат», «Өрлеу» АҚ, Алматы, 16.12.2016 ж., «Құрмет» грамотасы», «Өрлеу» АҚФ «БҚО ПҚБАИ», «Алғыс хат», 19.11.2021 ж. Сайра Кировнаны «Айдың үздік қызметкері» марапатымен құттықтап, тың шығармашылық ойлар мен кәсіби жетістіктер тілейміз! |
Comments