Course events

Intercourse events

Архив 2021

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Облыстық семинар өткізілді
Wednesday, 15 June 2022 18:58

2022 жылдың 15  маусым  күні Оралдағы «Өрлеуде» «Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға арналған есептер шығару және зертханалық жұмыстар» тақырыбында практикалық семинар өтті. Курс аясындағы семинарды білікті тренер, Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Өтеғұл Гүлмаржан Кәрімқызы ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты: Физиканы оқытуда оқушылар мен оқыту обьектісі болып табылатын табиғат арасындағы байланысты жүзеге асыру. Физикалық эксперимент, лабораториялық жұмыстар мен физикалық практикумдар арқылы оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту болды.

Семинарда «Білім-инновация» лицей-интернатының физика пәні мұғалімі, педагог-модератор Иржанова Дина Сержанқызы, Олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жоғары санатты физика пәні мұғалімі, педагог-сарапшы  Жайлыбаева Сымбат Төлегенқызы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар тыңдаушылар топтарға бөлініп, өздеріне берілген тақырыптар бойынша постер қорғап, пікір алмасты.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.