Course events

Intercourse events

Архив 2021

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «БҚО ПҚБАИ» бойынша 2021 жыл қараша айының үздік қызметкері
Thursday, 09 December 2021 09:41

Мусагалиев Батыргали Калекешович, Оқу жұмысы және мониторингтік қызметі бөлімінің басшысы. Жалпы 41 жылдық педагогикалық еңбек өтілінің соңғы 8 жылы облыстағы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында жалғасуда.

Батыргали Калекешович - өз ісін жетік білетін тәжірибелі маман, 2013 жылдың ақпан айынан «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы, 2019 жылдың сәуірінен осы мекемеде мониторинг бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2020 жылдың                 1 қазанынан бері Оқу жұмысы және  мониторинг қызметі бөлімінің басшысы.

Қызметі мен жетістіктері

1980–2021 жылдар аралығында біршама жерлерде оқу саласының аясында қызмет атқарды. Атап айтқанда: мектепте - математика, сызу  және бейнелеу өнері пәндерінің мұғалімі, директордың оқу ісі бойынша орынбасары, мектеп директоры, «Экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің» экономика бөлімінің меңгерушісі,  математика  пәндерінің оқытушысы, Жоғары техникалық мектептің директорының орынбасары, техникалық пәндер бірлестігінің жетекшісі, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінде оқу бөлімінің бастығы.

Мемлекеттік тапсырма бойынша әр жылдарда қысқа мерзімді және білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы курстардан өткен Батыс Қазақстан облысы педагогтерінің қызметіндегі кәсіби өзгерістер негізінде біліктілікті арттыру курстарының тиімділігін бағалау критерийлеріне сәйкес мониторингтік талдау жасалынып отырды.

Батырғали Қалекешұлының  әріптестері мен шәкірттері арасында зор беделге ие. Өз ісіне берілген, жауапкершілігі мол, тапсырылған істі мұқият, тиянақты орындайды. Іскерлік, тұлғалық қасиеті жоғары әріптес. Қоғамдық жұмыстарға мәдени, спорттық шараларға белсене араласады.

Марапаттары:

Қазақ ССР-і оқу-ағарту ісінің үздігі (1990 ж.);

ҚР Білім және ғылым министрлігінің дене тәрбиесінің ұлттық ғылыми практикалық орталығының ескерткіш белгісі (2007ж.);

«Қазақстан  Республикасының  білім беру ісінің құрметті қызметкері», белгісі (2010 ж.);

Қазақстан  Республикасы білім және ғылым министрлігінің Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік  дамуы  жолында қол жеткізген табыстары және оның гүлденуіне қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасымен 2006 жылы марапатталды.

Облыстық  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  жүйесін  ақпараттық  технологиялармен  қамтудағы  белсенді  қызметі  үшін «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасы Төрайымының алғыс хатымен марапатталды (2014 жыл). Еліміз  тарихындағы  айтулы  оқиға – Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  25 жылдығына  байланысты  «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасы Төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды (2016 жыл). Сондай-ақ 2017 жылы «Бейбітшілік әлемі» атты Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің  еліміздің өркендеуі  жолында  жас ұрпаққа сапалы  білім, саналы тәрбие берудегі  ұйымдастырушылық, іскерлік  қабілетін жоғары  бағалап алғыс хатпен және  2021 жылы «Ғылым және өмір» атты  ғылыми-практикалық конференциядағы құнды баяндамасы үшін дипломмен марапатталды. Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының білім  беру  жүйесін  дамыту  ісіне  қосқан үлесі үшін  Құрмет грамотасымен марапатталды (2021 ж.).

Еңбекқорлық, ізденіс, жауапкершілік қасиеттерімен әріптестері арасында зор беделге ие болып отырған әріптесімізді «Айдың үздік қызметкері» атануымен құттықтап, шығармашылық жетістіктер тілейміз!

 

Comments 

 
0 #2 Vouchersort 2022-04-10 10:48 Hello, just wanting to make you aware in Chrome these images don't display
correctly.
Quote
 
 
0 #1 Сексенбаева Сайра 2022-01-22 07:15 Құрметті Батыргали Калекешович Сізді зейнеткерлік жасқа келуіңізбен құттықтаймын! Алдағы өміріңізде зейтекерлік жастың зейінін көріп, ағайын-туыстар, жора жолдастар, құда жекжаттарыңызды ң құрметіне, балаларыңыздың жеңісті шақтарын көркен бақытты сәттеріне бөленген әдемі үзақ ғұмыр тілеймін. Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.