Облыстық вебинар өтті |
Thursday, 04 November 2021 10:41 |
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Жедел жоспарына сай, институтымыздың 70 жылдығына орай, бүгін «Функционалдық сауаттылыққа басымдылық беру» (халықаралық PISA зерттеуі аясында) тақырыбындағы облыстық вебинар өтті. Вебинар мақсаты: Оқытудың теориясы мен практикасында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен бағалаудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру; оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен бағалаудың теориялық негіздерін анықтау. Вебинар барысында PISA зерттеуі – оқушылардың функционалдық сауаттылығын бақылау негізі, функционалдық сауаттылық түрлеріне арналған интербелсенді тапсырмалардың үлгілері қарастырылды. Вебинарға облысымыздағы барлық деңгейдегі педагогтер қатысты. |
Comments