«Балалардың әл-ауқаты үшін білім беру» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференция |
Thursday, 30 September 2021 09:52 |
Бүгін Орал-«Өрлеуде» институттың 70 жылдығына орай «Балалардың әл-ауқаты үшін білім беру» тақырыбында облыстық онлайн ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Арнайы білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерді ескере отырып, білім алу үшін арнайы жағдайларды ұйымдастыру мен құруда, білім алушылардың білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз етуде мұғалімдер мен мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатындағы конференцияға барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері қатысты. Конференцияның ұйымдастырушы-модераторлары Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушылары Гүлфия Алипқалиева мен Бағдагүл Габбасова болды. Жиынды Курстан кейінгі қолдау және әдістемелік сүйемелдеу зертханасының әдіскері Менжан Мурзабулатов ашып, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Бұдан әрі қатысушыларға ой тастау бағытында «Инклюзивті білім беру мәселелері» бейнеролигі ұсынылды. Конференцияда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау, білім беру бағдарламаларын, оқу материалдарының мазмұнын бейімдеу, әлеуметтендіру және оқыту мәселелері қарастырылды. Қатысушылар жұмыс бағыттары бойынша оқылған баяндамаларға пікірлерін білдіріп, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. Конференцияның қорытындысы бойынша филиал сайтында ресурстық материалдар жасақталып, әр қатысушыға «Қатысушы куәлігі» берілді. |
Comments